Жас мамандар онкүндігі » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » » Жас мамандар онкүндігі
06
May
2021

Жас мамандар онкүндігі

№21 жалпы орта білім беретін мектебінде жас мамандар онкүндігі ұйымдастырылып, өткізілді. Мектепте 5 жас маман жұмыс істейді, отырыс өткізіліп, ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар жоспары құрастырылды. Бекітілген жұмыс жоспары бойынша 5 ашық сабақ, 4 сыныптан тыс жұмыстар өткізілді. Н.Шкуренко ағылшын тілі пәнінен 7 «б» сыныбына «Mile stones» тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабағында мұғалім жеке, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізді. Химия пәнінен 9 «а» сыныбына Алхожаева Назерке зерттеу сабағының «Алкендер» тақырыбында  алғашқысын өтті. Бейнежазба арқылы және өз түсіндіруімен жаңа сабақты түсіндіріп, «Кластер» әдісін қолданып топтық жұмыс орындатты. Геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізіліп, оқулық, тақта, дәптермен жұмыстар орындалды. «Химикалық күнделік» арқылы кері байланыс болды. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Тескеналиева Асель жас мамандар арасында сыныптан тыс пікірсайыс сабағын «Қоғамдағы мұғалім мәртебесі» тақырыбында өткізді. «Шаттық шеңберінде» жас мамандармен «Сен білесің бе?» тренингін жүргізді. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мустафаева Эльнара 5 «г» сыныбында «Пусть всегда будет солнце» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушыларды үш топқа бөлді. Жаңа материалды меңгерту барысында Қазақстандағы ірі өзендер қайдан бастау алады, қайда құятындығы туралы мәлімет берді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Беридзе Фатима 9 б, в сыныптары арасында «21 ғасыр көшбасшысы»тақырыбында сайыс сабақ өтті. 
Жас мамандар онкүндігі қорытындыланып, мектеп ұстаздары жас мамандардың алдағы жұмыстарына жаңашылдық, шығармашылық, үнемі ізденісте болу керектігін айтып сәттілік тіледі.