«Best педагог - 2021» байқауы » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » » «Best педагог - 2021» байқауы
31
March
2021

«Best педагог - 2021» байқауы

№ 21 жалпы орта білім беретін мектебінде жұмыс жоспары бойынша наурыз айында мұғалімдердің біліктілігін көтеру, олардың өз бетінше білімін жетілдіру мақсатында «Best педагог - 2021» байқауы өткізілді. Байқауға пән мұғалімдері қатысты, олар көркем еңбек пәні мұғалімі Ж.Джугусова, математика пәні мұғалімі Г.Касенова, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Тескеналиева. Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген сайысқа пән мұғалімдері қатысуға ниет білдіріп, 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.
«Best педагог - 2021» байқауы  5 кезең бойынша өткізілді.
І кезең - «Таныстыру». 
ІІ кезең  -  «Педагогтың визиттік карточкасы» шығармашылық байқау. 
Бағалау өлшемдері: 
1. Мазмұндаудың айқындылығы мен қисындылығы, ерекшелігі.
2. Жалпы және кәсіби эрудициясы.
3. Сауатты, дұрыс сөйлеу.
4. Креативтілігі және даралылықты көрсетуі.
Екінші кезең бойынша қатысушылар өзінің педагог ретінде жеке тұлғасын түрлі форматта ашып,өзіндік кәсіби беделін, оқыту тұжырымдамасын көрсете  білді.
ІІІ кезең - «Педагогикалық жағдай», педагогика, психология бойынша педагогикалық ситуациялар, тест сұрақтары.
Бағалау өлшемдері: 
1. Педагогтің күрделі педагогикалық жағдайды шешуде оңтайлы жол таба білуі.
2. Педагогикалық мәселелерді шешуде кәсіби дағдысының қалыптасу дәрежесі.
3. Жалпы және кәсіби эрудициясы.
4. Сөйлеу мәдениетінің айқындылығы, дәлдігі.
Қатысушыларға берілген тапсырма проблемалық педагогикалық жағдаятттарды рөлде ойнау арқылы шешу болды.  Бұл кезеңде де сайысқа қатысушы ұстаздар өздерінің актерлық шеберліктері мен педагогикалық сауаттылығын көрсете білгенін  әділ-қазылар ерекше атап өтті.
ІV кезең - «Білім сапасы: проблема, ізденіс, шешімдер» эссе байқауы.
Бағалау критерийлері:
  1. Ойын нақты және түсінікі жеткізуі.
  2. Ой өрісініңкеңдігі.
  3. Жаңашылдығы.
  4. Сауаттылығы.
  5. Дәлелділігі.
  6. Ерекшелігі.
Эссе байқауы кезеңінде қатысушылар берілген тақырыптар  бойынша көпшіліктің алдында сөз сөйлеп, өздерінің креативті стилі мен сауаттылығымен ерекшелене түсті.
V кезең – «Best  бейнесабақ» байқауы. Байқауға ұсынылатын бейнесабаққа қойылатын талаптар:
  1. Бейнесабақта автордың аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы көрсетіледі.
  2. Ұзақтығы – 10 минут.
  3. Бейнесабақта автордың өзі дыбыстауы қажет.
  4. Бейнесабақ кез келген пән бойынша сабақтар болуы мүмкін.
  5. Бейнесабақ (.avi, .wmv) видео форматында ұсынылады.
Сайыстың алғашқы кезеңінде үміткерлердің өткізген математика, ағылшын тілі, көркем еңбек пәндері бойынша ашық сабақтары бағаланды.
Байқау қызықты да танымды өтті. Қатысушылар тапсырмалардың бәріне де шығармашылықпен қараған. Жоғары ақпараттық мәдениеттілікті, білім мен білікті, дарындылықты, көтеріңкі көңіл сезімін көрсете білді. «Best педагог - 2021» байқауы өз деңгейінде өтті. Байқау қорытындысына сәйкес ІІ-ші орынды математика пәнінің мұғалімі Касенова Гульзира Алдабергеновна, ІІ-ші орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тескеналиева Асель Маратовна, 1-ші орынды – көркем еңбек пәнінің мұғалімі Джугусова Жазира Таубаевна иеленді. Сөйтіп, қызықты, тартысты өткен байқау мәресіне жетіп, байқау жеңімпаздары және жүлдегерлері мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.