
26 жылдың 22 сәуір күні жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және аудандық :" Нәтижелі сабақ - Теория. Талдау. Сапа. " тақырыбындағы жалпы жоспарына сәйкес онкүндіктің өтілу аясында №

21 жалпы орта білім беретін мектебіндегі математика пәнінің жас маманы - Абишева Гульназ Нұрбекқызы 7 "А" сыныбында :" Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты : 1.Білім алушыларға алгебралық бөлшектер ұғымын терең меңгерту және оларға амалдар ( қосу, азайту, көбейту, бөлу) қолдану дағдыларын қалыптастыру , оларды ортақ бөлімге келтіруді үйрету. Сабақ барысында жас педагог - Гульназ Нұрбекқызы Абишева жасанды интеллектіні ( ЖИ) пайдалану арқылы білім алушыларға түрлі тақырыптық есептер, жұптық, топтық тапсырмалар орындап, жалпы балалардың логикалық ойлау қабілеттері арттырылды. Сонымен қатар, сабақта "Ашық микрофон", " Білім шамы", " СТОП кадр " сияқты тиімді әдістер қолданылып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен цифрлық сауаттылықтарын жетілдіріліп, оларды математикалық тілде дұрыс сөйлеуге, ұқыптылыққа, дәлдікке және ұжымда жұмыс істеуге дағдыландандырды .