" Қазақстан халқының музыкасы " тақырыбында шығармашылық, ашық сабағын өткізді. » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » " Қазақстан халқының музыкасы " тақырыбында шығармашылық, ашық сабағын өткізді.
21
April
2026

" Қазақстан халқының музыкасы " тақырыбында шығармашылық, ашық сабағын өткізді.

2026 жылдың 21 сәуір күні  жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында және аудандық :" Нәтижелі сабақ - Теория . Талдау. Сапа." тақырыбындағы жоспарына  сәйкес №21 жалпы білім беретін мектебінде  музыка пәнінің жас маманы  - Жылкышиева Альфия Ермекқызы 5 " Ә" сыныбында :" Қазақстан халқының музыкасы " тақырыбында шығармашылық, ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты :  Білім алушыларға музыка арқылы халықтар арасындағы достық пен бірлікті сезіндіру, музыканы тыңдау , талдау, өз ойын жеткізуге дағдыларын жеткізу, әртүрлі халықтардың музыкасын тыңдау арқылы олардың мәдениетіне құрмет қалыптастыру.Осы мақсатта жас маман - Альфия Ермекқызы сабақ барысында жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып , музыка арқылы достық, бірлік ұғымдарын түсіндіріп, бейне баян көрсету арқылы білім алушыларға музыканың бүкіл әлемге ортақ тіл екенін айтып, пікір алмасты.
Сондай-ақ, сабақта жас педагог топтық жұмыс арқылы балалардың музыканың көңіл-күйін, мазмұнын анықтап,  түрлі халықтардың ( ұйғыр, татар елдің ) мәдениетіне құрмет көрсетті.
Сабақ өте қызық және тартымды  өтіп,  білім алушылардың пәнге деген шабытын арттырды .