09
November
2023
«Алкогольге «Жоқ! де» атты дөңгелек үстел
9 қараша күні мектепте «Алкогольге «Жоқ! де» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны өткізу мақсаты – жасөспірімдерге алкогольдің адам ағзасына кері әсері туралы жеткізу, өз денсаулығына жауапкершілікті қалыптыстыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шараға 10-11 сыныптан жалпы 38 оқушы қатысты. Дөңгелек үстелаясында оқушылар алкогольдің адам денсаулығына зияны, туралы көрініс қойды. Жасөспірімдер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Іс-шара соңында оқушылар алкогольді пайдалану жанұяда, жұмыста проблемалы жағдайларды туындатып, қайғылы оқиғаларды арттыратыны туралы постер қорғады. Дөңгелек үстелге қатысқан аудандық СӨСҚО мамандары үлкен позитивті эмоциялар алғанын, оқушылар дайындаған шынайы әңгімелер және презентация ұнағанын атап өтті. Шараның негізгі тақырыбы бойынша аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жауапты дәрігері алкогольдің адам денсаулығына зияны туралы жан-жақты тоқталып өтті.










