Салауатты өмір салты .бойынша қыздармен жұмыс » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » Салауатты өмір салты .бойынша қыздармен жұмыс
30
October
2021

Салауатты өмір салты .бойынша қыздармен жұмыс

№21 ЖОББ мектебінде 2021 жылдың  30 қазан күні 9-11 сынып қыздарымен «Салауатты өмір сүру –өз сеніміне берік болу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Шараның басты мақсаты – білім алушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау. Өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету, тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу. ДТЖО Тайбекова Э.Б. салауатты өмір сүру әлеуметтік маңызы бар мәселе туралы сұхбат жүргізіп, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мен отбасы құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын  насихаттады. 
Мектеп психологы Ж.Кикбаева білім алушыларға сауалнама жүргізіп, қыздарға жаднамалар таратты. Жастар арасында алкоголизм, темекі, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді. 
Мектеп медбикелер Каналы А., Майкотова Д.  «Салауатты өмір салтын сақта!», «Алкоголь ішімдігі немесе денсаулық – өзің таңда!» тағы басқа да сол сияқты тақырыптарда әлеуметтік бейнефильмдер көрсетіп, жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдірді. Сондай ақ, білім алушыларды дұрыс тамақтануға баулып, СПИД-тің, коронавирустың алдын алу, спорттың пайдасы,  гигиенаны дұрыс сақтау, ерте жүктілік зардабы  тақырыптарын  жіті ұғындырды. 
Дөңгелек үстел соңында білім алушылармен тренинг жүргізілді. Жасөспірімдерге жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер деген тілек айтылды.