«Ата-ананың сенімі баланың өз-өзіне деген сенімінің бастауы»
Мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі психологиялық қолдаудың рөлін түсіндіру және отбасы мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту Мектеп психологы тарапынан «Ата-ананың сенімі – баланың өз-өзіне деген сенімінің бастауы» тақырыбында ата-аналарға арналған жаднама таратылды. Жаднама барысында ата-аналарға балаға қолдау көрсету, сенім білдіру, жылы қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.