«Біз таңдайтын жолдар»дөңгелек үстел
2025 жылғы 11 желтоқсан күні №21 ЖОББМ-де кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес 9-сынып оқушыларымен «Біз таңдайтын жолдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесу, еңбекке деген жауапкершілік пен саналы көзқарас қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында оқушылар түрлі мамандықтар туралы өз ойларын ортаға салып, қазіргі таңда сұранысқа ие кәсіптер жайлы ақпарат