№21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Менің мектебім булингке қарсы» жалпы республикалық флешмоб өткізу туралы Ақпарат
Мақсаты : Қоғам назарын балалардың қауіпсіздік мәселелеріне деген саналы қөзқарасын аудару.
Міндеттері:
Оқушыларлың, педагогтарың булингке қарсы санасы мен ойлауын қалыптастыру;
Зорлық- зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұруға белсенді қатысуға жәрдемдесу;
Әлеуметтік маңызы бар міндеттерге негізделген мектеп қоғамдастығындағы бірлестік және өзара іс қимыл;
Балаларға шығармашылық арқылы өзін -өзі жүзеге асыру, биді бірлесіп дайындау барысында құқықтық тәрбие беру;
Мектепте 19 мамыр күні «Менің мектебім булингке қарсы!» жалпы республикалық флешмоб өткізілді. Флешмобқа 8-10 сынып оқушылары қамтылды, «Батырлар ұраны» («Алашұлы» тобы) әнінің әуенімен өткізілді. Флешмоб ұзақтығы 4-5 минут уақыт алды. Флешмоб аяқталғаннан кейін «БІЗДІҢ МЕКТЕП БУЛИНГКЕ ҚАРСЫ!»-деген ұранмен аяқтады.

ДҚТІЖО: Ж.Ж.Жакипбекова