21
апрель
2026
" Қазақстан халқының музыкасы " тақырыбында шығармашылық, ашық сабағын өткізді.
2026 жылдың 21 сәуір күні жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында және аудандық :" Нәтижелі сабақ - Теория . Талдау. Сапа." тақырыбындағы жоспарына сәйкес №
21 жалпы білім беретін мектебінде музыка пәнінің жас маманы - Жылкышиева Альфия Ермекқызы 5 " Ә" сыныбында :" Қазақстан халқының музыкасы " тақырыбында шығармашылық, ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты : Білім алушыларға музыка арқылы халықтар арасындағы достық пен бірлікті сезіндіру, музыканы тыңдау , талдау, өз ойын жеткізуге дағдыларын жеткізу, әртүрлі халықтардың музыкасын тыңдау арқылы олардың мәдениетіне құрмет қалыптастыру.Осы мақсатта жас маман - Альфия Ермекқызы сабақ барысында жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып , музыка арқылы достық, бірлік ұғымдарын түсіндіріп, бейне баян көрсету арқылы білім алушыларға музыканың бүкіл әлемге ортақ тіл екенін айтып, пікір алмасты.
Сондай-ақ, сабақта жас педагог топтық жұмыс арқылы балалардың музыканың көңіл-күйін, мазмұнын анықтап, түрлі халықтардың ( ұйғыр, татар елдің ) мәдениетіне құрмет көрсетті.
Сабақ өте қызық және тартымды өтіп, білім алушылардың пәнге деген шабытын арттырды .