21
апрель
2026
" Buildings. Come into my house" тақырыбында ашық сабағы өткізілді.
21 жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық және мектепішілік жоспарына сәйкес:" Нәтижелі сабақ - Теория. Талдау. Сапа ". тақырыбындағы жас мамандар онкүндігінің өтілу аясында шетел тілі ( ағылшын) пәнінің мұғалімі- Айнур Мұқанқызы Шолпан 3 " Ә" сыныбында : " Buildings. Come into my house" тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты : Білім алушыларға домжәне ғимараттарға қатысты ағылшын тіліндегі жаңа сөздерді үйрету, тақырып арқылы өз үйін сипаттай алуға дағдыландыру, тыңдалым , айтылым дағдыларын дамыту. Сабақ барысында педагог : А. М.Шолпан түрлі көрнекіліктері мен слайдттар арқылы балалар үйдің бөліктері және әртүрлі ғимараттармен танысады, жаңа сөздерді үйреніп, суреттер , түрлі ойындар арқылы домішіндегі бөлмелерді атап, жұптық тапсырмаларды орындады , білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында : " Guess my room", " Find and show" сияқты қызықты ойындар ойнап , қимыл - қозғалыс элементтерін қолдана отырып , сергіту сәтін өткізді, сонымен қатар ," Wordwall ", платформалар арқылы өз үйлерін сипаттауды үйренді . Осы өткізілген тапсырмалары арқылы сабақтың барысында балалар жаңа сөздерді жеңіл меңгеріп , ағылшын тілінде оңай сөйлеп, жақсы көңіл-күймен өз ойларын жеткізе білді . Сабақ қызықты және әсерлі өтті.