«Мен және болашақ мамандығым» сынып сағат
13 қараша 2025 жыл№21 жалпы орта білім беретін мектебі 6-сыныпта «Мен және болашақ мамандығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға түрлі мамандықтар жайлы түсінік беру, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыттау, болашаққа саналы таңдау жасауға ынталандыру. Сынып сағаты барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы мәліметтер алды, сұрақ-жауап, ойталқы жүргізілді және өз болашақ мамандығы туралы ойларымен бөлісті. Іс-шара жоспарға сәйкес өткізілді.