11
февраль
2026
«Дос болайық, ренжітпейік!» тренинг
«Дос болайық, ренжітпейік!» тренинг
Мақсаты: Оқушыларға достықтың маңыздылығын түсіндіру. Бір-бірін ренжітпеуге, кешірімді болуға тәрбиелеу. Достық қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастыққа үйрету.
Психологиялық жұмыс бағыты: дамыту-түзету, психологиялық ағарту және алдын алу.
Өткізу күні: 10-13 ақпан 2026жыл
Қатысушылар: 2-4 сынып оқушылары
2 «а» сынып-19, 2 «ә» сынып-20,
3 «а» сынып-21, 3 «ә» сынып -21,
4 «а» сынып-18, 4 «ә» сынып - 16 Барлығы: 115 оқушы
Тренинг жоспары:
«Жақсы – жаман іс» ойыны барысында оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажыратты. Өзара пікір алмасу арқылы бір-бірін ренжітпеу, көмектесу, кешірімді болу мәселелері қарастырылды.
«Шардың сыры» жаттығуы кезінде реніш пен жағымсыз сөздердің адам көңіл-күйіне әсері тәжірибе арқылы түсіндірілді. Оқушылар эмоцияның адамға қалай әсер ететінін түсініп, жағымды сөз айтудың маңызын ұғынды.
«Біздің сынып» және «Гномиктар» жаттығуларында балалар қимыл – қозғалыс арқылы белсене қатысып, жаттығу барысында ынтымақтастық, қолдау көрсету және бірін-бірі тыңдау дағдылары байқалды.
Қорытынды:
Тренинг барысында оқушылар достықтың маңыздылығы туралы өз ойларын еркін жеткізе білді. Көпшілік балалар бір-бірін тыңдауға, пікірін құрметтеуге талпыныс жасады. Топтық жұмыстар кезінде ынтымақтастық, қолдау көрсету, көмектесу дағдылары байқалды. Әсіресе, тұйық мінезді оқушылар жаттығулар барысында белсенділік танытып, өз сезімдерін білдіруге қадам жасады. Бұл тренингтің эмоционалдық ахуалға оң әсер еткенін көрсетті.
Кейбір оқушылар арасында ренішті іште сақтау, тез ашулану, өз ойын жеткізе алмау белгілері байқалды. Сондықтан жекелеген балалармен жеке түзету-дамыту жұмыстары жүргізу қажеттілігі анықталды.
Жалпы іс-шара мақсатына жетті:
Оқушылар достықтың құндылығын түсінді;
Бір-бірін ренжітпеу, кешірім сұрау, кешіре білу туралы түсініктері кеңейді;
Сынып ішіндегі психологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етті.

- «Дос деген кім?»
- «Жақсы – жаман іс»
- «Шардың сыры» жаттығуы
- «Біздің сынып» жаттығуы
- «Гномиктар» жаттығуы