«Мен өзімді қорғай аламын» тренинг » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен өзімді қорғай аламын» тренинг
19
декабрь
2025

«Мен өзімді қорғай аламын» тренинг

Тақырыбы: «Мен өзімді қорғай аламын»
    Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, достық қарым-қатынастың маңызын түсіндіру және эмоционалдық жағдайын анықтау.
Психологиялық жұмыс бағыты: түзету-дамыту, психологиялық  алдын алу
   Өткізу күні:   19 желтоқсан  2025 жыл 
    Қатысушылар:  8 «а, ә» сынып,  7 «а, ә» сынып
   Тренинг жоспары:
  1. «Бүгінгі менің көңіл-күйім» жаттығуы
  2. «Постер қорғау жұмысы»
1 топ: «Нағыз дос»
2 топ: «Адал дос пен жаман достың айырмашылығы»
3 топ: «Достыққа қолдау көрсету»
  1.  «Мен қандаймын?» жаттығуы
  2. «Досбол LIKE» жаттығуы                                                                                                                                                Тренинг барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасады. Достық қарым-қатынас, өзін-өзі қорғау және эмоционалдық тұрақтылық тақырыптары бойынша түсініктері кеңейді. «Досбол LIKE» қағидаттары арқылы бір-біріне құрметпен қарау, әлімжеттіктің алдын алу дағдылары нығайтылды.Тренинг оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға оң әсер етті.