Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу мақсатында 5-7 сынып оқушыларымен «Ең үлкен сый» тақырыбында әлеуметтік – психологиялық тренинг өткізілгендігі туралы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу мақсатында 5-7 сынып оқушыларымен «Ең үлкен сый» тақырыбында әлеуметтік – психологиялық тренинг өткізілгендігі туралы
07
февраль
2024

Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу мақсатында 5-7 сынып оқушыларымен «Ең үлкен сый» тақырыбында әлеуметтік – психологиялық тренинг өткізілгендігі туралы

Тренинг жоспары:
1. «Автопортрет» жаттығуы
2. «Өмір үлкен – сый» түсінік беру
3. «Әріпті жаттығу»
4. «Сезімдер картасы», «Суретті аяқта» арт терапия
5.  Тимбилдинг  жаттығуы
Барысы: 5-7 сынып оқушыларымен тренинг жоспарына сай жұмыстар жүргізілді 
«Автопортрет» жаттығуы. 
Нұсқау: әр оқушыға А4 парақтан берілді, өз суреттерін қағаздан жасау ұсынылды. Оқушылар парақтан өз бейнелерін жасады, бірі адам бейнесін жасаса, бірі жүректің бейнесін жасады. 
«Өмір үлкен – сый» түсінік беру Өмір. Өмірдің ащы да, тәтті де кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек.  Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. 
 Өмір деген баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниедегі еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бақытымен келеді. Өмір өзен болса, ағысқа қарсы емес. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Енді келесі бөлімімізге көшейік. 
ІІ. Ой толғау
1.Адам баласы не үшін өмір сүреді?
2.Өмір адамға несімен қымбат?
3.Сендердің өмірдегі мақсаттарын қандай?
4.Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет? Ой толғау барысында оқушылардан осы сұрақтарға жауаптар алынды. 
«Әріпті жаттығу»
1. Сыныптағы бір баланы түсіну үшін қандай қолдау сөздерін айтар едің?
2. Баланың мінез-құлқының өзгеруі неге байланысты?
3. Кешірімді болу үшін қандай қаиеттер болу керек?
4. Өмірде жақсы көру болмаса не болар еді?
5. Біреу үшін өміріңізді қиюға болама?
6. Агрессия деген сөзді қалай түсінесіз?
7. Зорлық-зомбылықтың куәгері болсаңыз қалай әрекет етер едіңіз?
8.Сыныптастарға не тілейсің?
4. «Суретті аяқта» арт – терапия жаттығуы барысында білім алушыларға аяқталмаған пішін беріліп, өздері қиял, қабылдау процесстері аясында суреттерді аяқтады. 
5. Тимбилдинг жаттығуы жүргізілді. Жаттығу білім алушылардың тез ойлану, қимыл қозғалыс, қабылдау таным процесстерін дамытуға жақсы әсер етіп, білім алушылардың ептіліктері байқалды. 
Қорытынды: 5-7 сынып білім алушылары жақсы көңіл – күймен тренингке қатысып, сынып арасындағы қарым - қатынас, бір-біріне деген қарым – қатынас, білім алушылардың таным процестерінің даму деңгейі, өмірді қабылдаулары жайлы ой қозғалып, сергіту жаттығуымен аяқталды.
Өткізген мектеп психологы: А. Назаркулова