«Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында ата - аналармен коучинг өткізілгендігі туралы
10-11 сынып оқушыларының ата – аналарымен
«Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы»
тақырыбында коучинг өткізілгендігі туралы анықтама
Мерзімі: 20 қазан 2023 жыл
Қатысқан ата – аналар саны: 25 ата – ана
Жоспары:
- «Сағат тілі» сәлемдесу жаттығуы
- «Көзіңнен танимын» жаттығуы
- Психикалық денсаулық жайлы түсінік беру
- БАЛАЛАРҒА МЫҚТЫ, ҚАМҚОР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ҚҰРУҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ кеңес беру
- Баланың қабілеті мен қызығушылығы (Е. А. Климов бойынша)
- «Жұмсақ шеңбер» жаттығуы
- «Баладан хат», «Анадан балаға хат» қорытындылау
Барысы: «Сағат тілі» сәлемдесу жаттығуы
1. Қолыңызды қысыңыз
2. Арқасын қағыңыз
3. Күлімсіреңіз
4. Қол бұлғаңыз
5. Көзіңізді қысыңыз
6. Тізелеріңізді түйістіріңіз
7. Қол ұстасып айналыңыз
8. Беттерінен сүю
9. Массаж жасаңыз
10. Арқаларыңызды үйкеңіз
11. Бір-бірлеріңізді еркелетіңіздер
12. Бір сөйлеммен тілек айтыңыз
Ата – аналармен ортаға шеңбер жасап, сағат тілі арқылы амандасып, көтеріңкі көңіл – күймен басталды.
Психикалық денсаулық (рух немесе жан саулығы, кейде менталдық саулық деп атады) — бұл адам өз әлеуетін іске асыра алатын, күнделікті өмірлік стресстерді еңсере алатын, жемісті және өнімді жұмыс жасай алатын, әрі қоғамға өз үлесін қоса алатын аман-саулық күйі. Жақсы психикалық денсаулық барлығы үшін маңызды. Сіздің және балаңыздың өмірі үшін психикалық денсаулықтың маңызы физикалық денсаулықтың маңызымен бірдей.
Психикалық денсаулық – бұл жай ғана психикалық сырқаттардың жоқ болуы ғана емес, өмірлік мәселелерді шешуге қажетті дағдылардың болуы. Егер психикалық денсаулықтағы кінараттарға мән бермесе, олар балалардың оқуына, дамуына, қарым-қатынастарына және физикалық саулығына кедергі келтіруі мүмкін.
БАЛАЛАРҒА МЫҚТЫ, ҚАМҚОР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ҚҰРУҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ
- Балалар мен жастарға отбасымен және достарымен берік қарым-қатынас құру маңызды. Бірге уақыт өткізіңіздер. Мысалы, күнде кешкі аста.
- Балаларға мәселелерді қалай шешу керек екенін үйретіңіз және көрсетіңіз.
- Балаға және оның істеріне шынайы қызығушылық танытыңыз.
- Баланың өмірінде үнемі жүретін маңызды адам оның орнықтылығын дамытуда шешуші рөл атқарады.
- Бұл адам (көбінесе ата-ана немесе отбасының өзге мүшесі) – бұл балаңызбен бірге көп уақыт өткізетін және бала одан керек болғанда көмек сұрай алатынын білетін адам.
БАЛАҒА (ЖАСӨСПІРІМГЕ) МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ
-Балаға ауыр немесе жағымсыз сезімдерді «бастан өткеруді» үйретіңіз. Торығу, ашулану, түңілу, мұңаю және өкіну хал-жағдайға кері әсерін тигізетініне қарамастан, сол сезімдер туындағанда балаңызға оларды еңсеруді үйрену қажет. Бұл оның өміршеңдігін және қиындықтарды жеңу қабілетін нығайтуға көмектеседі.
- Бар назарыңызды өзіңізге емес, балаға аударыңыз! Ұқсас оқиғалар және ұқсас мәселені өз тәжірибеңізде қалай шешкеніңізді айтып беруден аулақ болыңыз. Оның орнына бала өтінгенде тыңдау және қолдау көрсету үшін қолжетімді болыңыз
- Балалар жай ғана мәселенің шешімін ала салғаннан гөрі түсіністік пен тілектестікті көбірек бағалайтын болады.
- Көмек сұрауды және қабылдауды үйретіңіз. Көмек сұрау – әлсіздіктің емес, мықтылықтың белгісі. Балаңыз осыны қабылдағанға дейін есіне сала беріңіз! Көмек пен қолдау алу көздері туралы ақпарат беріңіз.
- Баланың көңіл-күйі түскенде босаңсуды үйретіңіз. Босаңсу әдістері терең тыныстау, тыныштандыратын әрекеттер (мысалы, өзіне ұнайтын сабырлы іспен айналысу), оңаша қалу немесе серуендеу болуы мүмкін. Көңілін аулауға және жағымды жайттарға бұруға үйретіңіз.
Мектеп бітіруші түлектер арасында ҰБТ бойынша негізгі пәнді таңдағанымен, әлі де қай мамандықты таңдарын білмей жүргені көп болар. Оқушылар мен ата-аналарға көмек ретінде белгілі психофизиолог, психология ғылымдарының докторы Е.А.Климовтың көпке көмегі тиген тәсілін ұсынамыз.
Баланың қабілеті мен қызығушылығы
1. АДАМ-адам
Қандай мамандықтар кіреді? Адамдармен ұдайы қарымқатынаста болатын, оқыту, үйрету, қызмет көрсету салаларының мамандықтары. Дәрігер, педагог, бала тәрбиешісі, банк қызметкері, сатушы, халыққа қызмет көрсету (ХҚКО) мен жұмыспен қамту және психологиялық, медициналық орталықтарының қызметкерлері, әсемдік салон мамандары (шаштараз, тырнақ әрлеуші, визажист) т.б.
Кім таңдағаны дұрыс? Бұл мамандықтарды мінезі ашық, кез келген адаммен тез тіл табыса алатын, коммуникативті қабілеті бар, өзгені тыңдай білетін, әрбір адамның жеке қарымына қарай ұсыныс айта алатын, эмоциональды ұстамды, сабырлы, өзгені мақтай білетін оқушылар таңдаса карьерада өседі.
2. АДАМ-табиғат
Қандай мамандықтар кіреді? Ветеринар, биолог, эколог, агроном, технолог, ауыл шаруашылы мамандары т.б.
Кім таңдағаны дұрыс? Адамдардан гөрі табиғатты, жан жануарларды жақсы көретін, мейірімді, көпке сырын айта бермейтін, көп ортасында емес, оңаша жүргенде өзін еркін, ыңғайлы сезінетін, әңгімеге шорқақтау оқушылар таңдаса, жетістікке жетеді. Өзгені оқытқан емес, өз бетінше оқып ізденгісі келетін балалар бұл салаларда ғалым дәрежесіне дейін көтеріле алады дейді психолог Е.А. Климов.
3. АДАМ-техника
Қандай мамандықтар кіреді? SMM, копирайтер, инженерконструктор, механик, ұшқыш, жүргізуші, программист т.б.
Кім таңдағаны дұрыс? Уақытының көп бөлігін компьютер алдында өткізетін, есепке жүйрік, адамнан гөрі техникалық құралдар мен аппараттардың тілін жақсы түсінетіндер таңдағаны дұрыс.
4. АДАМ-көркем
Қандай мамандықтар кіреді? Суретші, әртіс, актер, декоратор, әнші, биші, дизайнер, аспаз т.б. Кім таңдағаны дұрыс?
Шығармашылыққа, өнерге жақын, әсемдікке әуес, заттарды басқа қырынан көре білетін позитивті, креативті ойлайтын оқушылар таңдаса да аз уақытта-ақ танымал тұлғаға айналуы мүмкін.
5. АДАМ-белгі
Қандай мамандықтар кіреді? Математика, физика пәні мұғалімдері мен оқытушылары, бухгалтер, композитор, архитектор, аудармашы, редактор т.б.
Кім таңдағаны дұрыс? Сандар, әріптер, формулалар және ноталардың тілін жылдам түсіне білетін, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған оқушылардың бұл салаларда шығар шыңы биік болады. Сонымен, сіздің мінез-құлқыңызға қай мамандық сай келеді екен?
«Жұмсақ шеңбер» жаттығуы
Мақсаты топты біріктіру, топта жағымды ахуал қалыптастыру
Бірінші аспанға лақтыру
Екінші 1 шапалақтап лақтыру
Үшінші 2 шапалақтап лақтыру
Төртінші лақтырып айналып тосу
«Баладан хат», «Анадан балаға хат» қорытындылау
Ата – анамен кездесуді қорытындылау мақсатында алдын ала балалардан жазылған хаттар аналарға ұсынылды, ата – аналар оқып, өз сезімдерімен бөліскеннен кейін, аналары балаларына хат жазды.
Коучинг қызықты өз деңгейінде өтті.
Жауапты: мектеп психологы: Назаркулова А.С