Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу
27
апрель
2023

Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу






Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу аудандық семинар - практикум өтті

2023 жылдың 27 сәуірінде Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейінің базасында аутодеструктивті мінез-қүлық адамның қалыпты дамуына, дене бітімі  аудандық білім бөлімінің басшысы   А.А.Алтынбаеваның  қатысуымен ауданның педагог-психологтары,әлеуметтік педагогтар,ата-аналарға арналған семинар практикум өтті.Семинардың ашылу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы А.А.Алтынбаева  семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында келеңсіз оқиғалардың белең алғанына тоқталып, осы орайда ата-аналарға баланың жеке бас тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау , күнделікті баланың немен айналысытындығына көңіл бөлу керектігі және де мектеп-оқушы-ата-ана үштік одағының тығыз қарым-қатынаста болуының маңыздылығын атап өтті.Семинар барысында «Ата-ананың қуанышы- бала» тақырыбындағы тренингке ата-аналар белсене қатысып, өз отбасындағы бала тәрбиесі, отбасындағы әдет-ғұрыптары мен ұстанымдары туралы сурет сала отырып, ойларымен бөліссе ал,педагог-психологтар әр салынған суретке интерпретация жасады. Сондай-ақ семинар барысында М.Әуезов атындағы және №4,11,13,15,21,28,39,48 жалпы орта білім беретін мектептердің педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтары шығармашылық зертхана бөлімінде «Құмыра жаттығуы» коучинг, «  Өмірге құштарлық» ,«Голосуем за жизнь», «Мен жарқын болашақты таңдаймын» жаңашыл бағытта энерджайзер-тренингтерін ұсынып, пікір алмасып,іс-тәжірибелерімен бөлісті.