11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау
24
май
2023

11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау

11 сынып оқушыларының психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында тренинг өткізілді.
1. Кубик арқылы амандасу
2. Тимбилдинг жаттығуы 1,2,3, шапалақ ....
3. «Сен өзіңді не үшін мақтайсың?»Нұсқама: «Сенде қандай жақсы қасиет бар? Қандай жақсы мінез бар? Соңғы рет сені мақтан ететіндей қандай жақсы іс жасадың? Осы туралы айтып, өзіңді мақтап көрші, кәне? Сонымен, жалғастыр: мен өзімді мақтаймын, себебі...».
 Соңында талдау: «Өз-өзіңді мақтау қиын болды ма, неге сондай сезімде болдың?»
  1. «Қоқыс шелегі» жаттығуы
Көз алдыңызға қоқыс шелегін елестетіңіз. Сол қоқыс шелегі сіз үшін нені бейнелейді? Сізде өз өміріңізден еш қажеті жоқ, текке қоқыс болып жатқан артық дүниені лақтырып тастай аласыз. Ол адам, зат, мекен немесе сезім болуы мүмкін. Сол бір керексіз нәрсе сізден кетіп, қоқыс шелегіне түсіп бара жатқанын ойша елестетіңіз.
  1. «Ойды жинақтау» жаттығуы
Оқушыға екі парақтан таратылады, балалар ол екі парақты екі қолына ұстап, мыжып, екі қолмен қайта орнына келтіреді. 
Сезімі сұралады.
  1. «Өмір дөңгелегі» газет арқылы  жаттығу
  2. «Менің өмірім» кокология жылқы-отбасы, жолбарыс – ар-намыс, қой – махаббат, сиыр – карьера
  3. Мына 5 затқа қысқаша мінездеме берейік: ит-өзі, мысық-досы, тышқан- суреттеу, кофе – махаббат, теңіз – өмір
  4. Ең жақын адамды түстерге теңе: 
Ақ-рухани егіздер
Қызыл  - шын сүйетін адам
Сары – ұмытылмайтын жан
Қоңыр – ең жақын дос
Жасыл – сіздің есіміңізді ұмытпайтын жан
  1. Фототерапия 
  2. «Аялы алақан»  жаттығуы барлық оқушы өз есімдерін алақан ортасына жазып бір – бірлеріне береді, бір – біріне тілек жазады, жаттығу өз алақандарына өзіне қайтқанша жалғасады. 
  3. «Тәрелкедегі су» жаттығуы сенімділікті арттыру мақсатында жүргізіледі. Тәрелкедегі суды көзді жұму арқылы бір – біріне суды жіберу
  4. "Төрт шырақ" әңгімесі
  5. Жағымды тілек жаттығуымен аяқталды.