«Жас маманның кәсіби қиыншылықтарын табу, ұжыммен тіл табыса білу деңгейін анықтау» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас маманның кәсіби қиыншылықтарын табу, ұжыммен тіл табыса білу деңгейін анықтау»
13
апрель
2023

«Жас маманның кәсіби қиыншылықтарын табу, ұжыммен тіл табыса білу деңгейін анықтау»

«Жас маманның  кәсіби қиыншылықтарын табу, ұжыммен тіл табыса білу деңгейін анықтау» мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы 
      Мақсаты: жас маманның мұғалімдік қызметті таңдаудағы көзқарасын анықтау, білім беру барысы, кәсіби қиыншылығы, ұжыммен қарым – қатынасын анықтау
      Әдісі: сауалнама, тренингтік жаттығулар
      Қатысқандар: 6 жас маман
      Барысы: «Биопоэма» стратегиясын қолдану арқылы есімдерін айтып, өзін сипаттайтын сын есім қолданылып, бастарынан өткен өте маңызды 2-3 оқиғасын айтып, жақсы көретін заттары жайлы айтып, армандарымен бөлісіп, өзіңізді немен бейнелейсіз деген сұраққа өздерінің қандай жан-жануарға ұқсайтынын, неге өзін соған ұқсатқаны жайында айтып өтті. 
Жас мамандарға сауалнама ұсынылды. Сауалнама барысында келесідей сұрақтарға жауаптар алынды: 
1.Мұғалімдік қызметті  таңдаудағы мақсатыңыз?- балаларға білім беру, болашақ өнерпаздарға жол ашу, мұғалім болу, бала күнгі арманым;  деген жауаптар алынды.
2.Оқушылармен қарым-қатынасыңыз қалай? – жақсы;
3.Педагогикалық ұстанымыңыз қандай?- балаларды танымалдыққа жетелеу, жаңашылдыққа жетелеу, білімділерді тәрбиелеу; 
4. Күнделікті жұмысқа келгендегі көңіл-күйіңіз қандай? әр күні әр түрлі, өте жақсы; 
5. «Ұстаз- ұлы тұлға» атына лайық болу үшін қандай   қағидаларды ұстанатын едіңіз? 
- «сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан»
- «ұстаз есіміне лайық болу»
- «өсу, даму, алдыға жылжу, ең бастысы бір орында тұрмау»
6. Оқытуда қандай жаңа технологияларды қолданудасыз?-  Әдіс – тәсілдер, технологиялар, мектепте акт технологияларын пайдалануға мүмкіндік бар оқу кабинеттерінде мүмкін емес.
7. Мектеп сізге қатаң талап қояды ма? – «жоқ»
8. Ұжымдастарыңызбен қарым –қатынасыңыз қандай – жақсы ортақ тіл табыса аламын;
9. Қандай кәсіби қиыншылықтар немесе олқылықтар бар? - Жиі кездеседі
10.  Сіз мектеп тәжірибесінде қандай проблемалармен жиі кездесесіз – мектептің жаңа қазіргі заман талабына сай жабдықталса деген ойларымен жас мамандар бөлісті.
Жас мамандармен сауалнама жүргізілгенен соң ойды тазалау мақсатында «Ақ қағаз» жаттығуы жүргізілді. 
Мақсаты: бойдағы үрей, мазасыздық, агрессияны шығару
Нұсқау: әрбір қатысушыларға екі қолына ақ қағаздар таратылды. Әр қатысушы қағазды  қолына алып, бойындағы жағымсыз ойларды, мазасыздықты шығара отырып, қолға күш түсіріп, қағааздарды барынша мыжиды. Мыжылған қағазды қайта қалпына келтіру нұсқаулығы беріледі. Әрбір қатысушы өз сезімімен бөлісті.
«Тәрелкедегі су» жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: сенімділікті арттыру, қарым – қатынасты нығайту. Көз жұмулы күйде су құйылған тәрелкені суды төкпей бір-біріне беру. 
Қорытынды: жас мамандардың кәсіби қиыншылықтарын табу, ұжыммен тіл табыса білу деңгейі анықталынды. жас мамандардың ұжыммен тіл табысуы жақсы, сенімді, өз мамандықтарына жүрек қалауымен келгендері туралы айтылды. Жалпы психологиялық ағарту жұмысы өз деңгейінде өтті.