Мектептегі тамақтандырудың сапасын мониторинг жүргізу жөніндегі бракераж комиссиясының жұмысы туралы ақпарат
Тексеру барысында асхана іші жарық, санитариялық жағдайы ұйымдастырылған және тазалық сақталған. Мектеп асханасы қазіргі заманғы дизайнмен көркемделген «Дұрыс тамақтану» бұрышы жасақталған.Тексеру барысында қол жуғыш құралдарында сабын, гигиеналық заттар түгел болып шықты. Күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен бекітіліп ауыстырылып тұрады. Білім алушыларға берілетін бір күндік ас мәзірінің порциясының шығым мөлшері талапқа сай.
Асханадағы дайын тағамға мектеп медбикесі А.Қаналы күнделікті оргонолептикалық бағалау жүргізіп тұрады.
Тоңазытқыштардың ішінде тауар көршілестіктері дұрыс сақталған. Сүт өнімдері бөлек, шикі зат өнімдері бөлек тоңазытқыштарда сақталған.
Асханада пышақтар, тақтайшалар толық таңбаланылған; шикі және даяр азық-түліктерге, нан өнімдері мен көкөністерге арналған орындар 1 пайыз уксус ерітіндісімен өңделеді.
Мектеп асханасындағы қоймада картоп, пияз - орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылған. Сәбіз және қырыққабат көкөністері арнайы температурадағы тоңазытқышта сақталған.





