«Күз шеберханасы» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2022

«Күз шеберханасы»

Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өнерлі тұлға қалыптастыру, іскерлік пен бейімделік шеберлігін   дамыту және эстетикалық рухани құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында 2022 жылдың 18  қазан күні Жамбыл облысы Меркі ауданында 12-16 жас аралығындағы балалар арасында «Күз шеберханасы» атты байқау ұйымдастырылып,өткізілді. Аталған байқауға №21жалпы білім беретін орта мектебінің білім алушылары: 5- сыныптан Батырхан Малика, 8 -сыныптан Олехова Инесса қатысты. Байқау  нәтижесі  бойынша Батырхан Малика «Композициялар жасау» номинация бойынша жүлделі І  орынды иеленсе, Олехова Инесса «Алтын күз бояулары» номинациясы бойынша «Бас жүлде» жеңімпазы атанды. Осы жоғарыда  аталған жеңімпаз балаларға келешекте шығармашылық, жаңа ізденістер мен мол табыстар тілейміз. «Жақсы ұстаз -болашақтың білім мен тәрбие нәрін себуші» демекші,  осы жоғарыдағы аталған білім алушыларға өнерге қызығушылықтарын арттырып, оларды еңбексүйгіштікке және жан-жақтылыққа тәрбие берген жетекшісі, бейнелеу пәнінің мұғалімі – Лайпанова Ольга Смайылқызы.