ІІ Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ІІ Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы
25
октябрь
2021

ІІ Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының 2021 жылдың 13 сәуірдегі хатына сәйкес 5-6 сынып оқушылары  арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді. «Алтын сақа» олимпиадасының мектепшілік кезеңі 20 қазан күні өткізілді. Мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары  қазақ сыныптары, орыс сыныптары олимпиадаға белсене қатысып, тапсырмаларды  уақытында өз дәрежесінде орындап шықты .

 Тапсырманы   ZERDELI ақыл –ой дамыту орталығы ұйымдастырып олимпиада өтетін күні жолдады.Тапсырма 2 бөлімнен тұрды. 1-бөлім. Таңдау сұрақтары. (10 есеп,5ұпайдан 10*5=50ұпай) 2-бөлім. Бос орынды толтыру сұрақтары. (10 есеп, 5ұпайдан 10*5=50 ұпай) Екі бөлімді орындау барысында жоғары ұпай жинаған оқушылар қазақ сыныптары бойынша 5 сынып оқушысы Өзібек Ернұр, 6 сынып оқушысы Тойымбек Несібелі, орыс сыныптары бойынша 5 сынып оқушысы Беридзе Нихаль, 6 сынып оқушысы Нурбаев Диас өз білімдерін дәлелдеп аудандық кезеңге жолдама алды.