18
январь
2019
№21 ЖББ мектебінде жаңа жылдық шырша мерекелерінің өтілуі туралы мәлімет
Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларының өтілу жоспары мен кестесі жасалып бекітілді. Мектеп спортзалы жасыл шыршамен , жаңа жылдық банерлермен безендіріліп. «Жарқыра Қазақстан, Жарқыра Туған жер!» атты банер ілінді. 25-28 желтоқсан аралығында «Жарқыра Қазақстан, Жарқыра Туған жер!» тақырыбында Жаңа жылдық кеш бағдарламалары құрылып, кестеге сай өткізілді. Төтенше жағдайлардын алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мереке күндері және жаңа жылдық шыршалар өткізілетін күндері мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды. Мектеп дәлізінде, ауласында және спортзал ішінде жауапты мұғалімдер кезекшілік атқарды. жаңа жылдық ертеңгілік пен жоғарғы сынып балмаскарады өз дәрежесінде, қызықты да көңілді өттті. Мектебіміздің дәстүріне айналған жас түлектер бастауыш сынып оқушыларына арнайы ертегі кейіпкерлерінің киімімен қойылым қойып, балаларды қуанышқа бөледі. іс-шараларға ата - аналарда белсенділік танытып, балаларына қолдау көрсетті.