Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен өткізілген кездесу кеші » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен өткізілген кездесу кеші
01
март
2019

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен өткізілген кездесу кеші

   №21 жалпы білім беретін мектебінде Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан  шығарылғанына   30 жыл толуына арналған іс-шаралар өткізілді. Мектеп кітапханасында «1979-1989 жылдардағы Ауғанстандағы соғыс» тақырыбында стенд безендірілді.1-11 сыныптарда«Ауғанстан-жүректегі жара», «Афганистан-боль моей души», «Ауған соғысы ақиқаты» тақырыптарында сынып сағаттары  өтті. Сынып сағаты мақсаты: мектеп оқушыларына Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеуге, Ауған соғысының ардагерлеріне әрдайым құрмет көрсетуге тәрбиелеу, патриоттық құндылықтарын шыңдауға дағдыландыру.

Жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, Тәуелсіз еліміздің игі мақсаттарының бірі. 2019 жылдың 14 ақпан күні №21 Жалпы білім беретін мектебінде Қеңес Әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауғанстан - мәңгі есте!» атты мерекелік кездесу кеші болып өтті. Бұл іс-шара Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тазғым етуге, ол кісілердің есімдерін қастерлеуге, білімгерлерді патриоттық рухы жоғары,  қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі етуге тәриелеуге бағытталды

  Іс- шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырып, залды салтанатты, мерекелік түрінде безендірген  7  сынып жетекшісі  Тажибаева А.К., мектептің кітапханашылары: А.Линник, А.Наурызбай , тәлімгенр Ахметова Э. Іс –шараға  «Андас батыр » ауылымыздың  құрметті тұрғындары,  қонақтар және Ауған ұрыс даласына түскен ардақты жауынгер ағаларымыз  шақырылды:

1.Нурпейсов Жакей;

2.Кабылбеков Хасен;

3. Бажанов Сергей;

4.Селимов Мажилис;

5.Едилов Ораз;

6.Қарабатыров Рахат;

7. Сорока Владимир;

8.Кудинов Анатолий

9. "Андас Батыр"  ауылдық округінің әкімі: Мәжиев Бейбіт Әлімбекұлы.

10. Меркі ауданының Қорғаныс істер жөніндегі басшысының орынбасары Абиев  Жандос Серікұлы ,

11. 2035 әскери бөлімшенің  «Сыпатай батыр» шекара заставасының бастығы - Таспаев  Самал Канапиевич,

 Ауыл ақсақалдары:  Наурызбаев О.Е., Сулейманов Э., Беридзе Н.А., 

Хасанбаев Б.Б., мектеп ұстаздары мен 9-11 сынып оқушылары қатысты. Ардагерлермен  ұйымдастырылған  кездесу кешін А.Б.Наурызбай, А.Қ. Тәжібаева мен  А.С.Линник  жүргізіп отырды. Жиналған Ауған ардагерлерін, қонақтарды мектеп директоры: - Э.А.Бекжанова, «Андас батыр» округіның әкімі- Б.Ә.Мәжиев, Абиев Ж.С, Таспаев С.К., О.Е.Наурызбаев, Б.Б. Хасанбаев  мерекелерімен құттықтап, осы Ауған соғыс кезінде қатерге бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жауынгер ағаларға Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

 Іс-шара барысында 9 сынып оқушылары сынып жетекшісі-З.Д.Кантарбаеваның ұйымдастыруымен «Возвращение» атты қойылым көрсетсе, 5,6,10 сынып оқушылары: А.Олжабек, Н.Нұрлан, А.Әділбек, А.Батырхан, Ж.Ниязбек Отаншылық тәрбиесіне арналған  Е.Хасанғалиевттің «Атамекен», «Болашақ біз елдің», «Алға, Қазақстан»,  «Мен Қазақпын» ,

«Жаса, Қазақстан» тақырыптарында ән шырқады 9, 10 сыныптарының оқушылары: А.Алпысбай, А.Батырхан, И.Светличный, Ұ. Ауесбек, Ә.Кадіржан, К.Даулеткулова сарбаздар киімін киіп, тақпақтар  оқыды.

  Кездесу барысында оқушылар Ауған соғысында ерлігімен танылған қазақстандық жауынгерлер  жайында мағлұматталды. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалып, осындай ержүрек, қайтпас, қайсар жауынгерлердің арқасында жат жердің болашағы үшін, бейбіт өмір үшін осы соғыста қаза тапқан  батыр ағаларымызбен, есіл боздақтарымыздың рухына  тағзым етіп, еске  алуға бір сәттік  үнсіздік  жарияланды. Сондай-ақ, соғыстың  тірі

куәгерлері Нүрпеисов Жакей, Қарабатыров Рахат, Бажанов Сергей өз естеліктерімен  бөлісіп, мектеп  оқушыларына ізгі тілектерін жеткізді.  Іс-шараның соңына қарай, мектептің АӘД пәнінің мұғалімі С.М.Қыдыралиев және  Абиев Жандос Серікұлы сөз алып, 2002 жылы туылған оқушыларға әскери тіркеу куәліктерін тапсырды. Оқушылардың бойындағы патриоттық, Отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруда игі шараның ықпалы мол кездесуді ұйымдастырған ұжымға,оқушыларға, жауынгер ағалар мен қонақтар   алғыстарын айтып білдірді. Іс-шараның қорытындысында мектептің басшысы Э.А. Бекжанова барлық қонақтарды құттықтай отырып, ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды өз елін-мақтан тұтуға, Отанын, жерін, халқын сүюге патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ардагерлердін ерлігін үлгі етуге , қастерлеуге шақырды және барлық кештің қатысушыларына ізгі тілектерін білдірді.

Кездесу кеші өте қызық да тартымды өткізілді.

 

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына  30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен өткізілген кездесу кеші

 

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына  30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен өткізілген кездесу кеші

 

 

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына  30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен өткізілген кездесу кеші

 

Мектеп жанында  орналасқан  ҰОС ардагерлерінің  ескерткіш алдына  «Ақ бидай» шаруашылық қожалығының  басшысы  Қалқабаев Нариман сый еткен алты шыршалар  отырғызылдыБұл  іс-шараға  Ауған соғысының ардагерлері, ауыл ақсақалдары, ауыл әкімі, шекара қызметкерлері,  мектеп оқушылары атсалысты.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына  30 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен өткізілген кездесу кеші

 

12 ақпан күні бейнелеу пәні мұғалімдері О.С.Лайпанова мен Н.А. Боржиковтың ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында «Балалар соғысқа қарсы», «Балалар бейбітшілікті қолдайды» атты суреттер байқауы өткізілді.

15 ақпан күні АӘД пәні мұғалімі Кыдыралиев С.М. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне және Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған  әскери-патриоттық ойындар өткізді.Ойынға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар бірінші  кезеңде 6 метр бауырлап еңбектеу, екінші кезеңінде автомат шашып жинау,арқаға жатып дене көтеру, үшінші кезеңде пневматикалық мылтықтан ату, кедергіден өту тапсырмаларын орындады.

16 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай  Б.Жанбосыновтың ұйымдастыруымен дзюдо күресінен 2005-2007 ж.т. қыздар және 2007-2008 ж.т. ұлдар арасында ашық біріншілігі өткізілді. Жарысқа Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстарынан, Ош, Бишкек ,Тараз қалаларынан барлығы 235 бала қатысты. Біздің мектеп оқушылары Қапалбай Н-1 орын, Бақытбек А. мен Егізбай Д.-2 орын, Насредин А., Алмабек Е. , Бейсенбек Н., Жумабек А-3 орынды иеленді.