06
февраль
2019
2019 жылғы 2 ақпан күні №21 жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқушыларының арасында «Мен зерттеуге үйренемін» тақырыбында балғын зерттеушілер байқауының өтілуі туралы
Мектепте байқауға 4-сыныптардан - 4 оқушы,
3-сыныптардан - 6 оқушы қатысты.
Зерттеу жұмыстарын қорғау 4 бағытта өтті: 1.«Жер-елдер мен құрлықтар, мемлекет, халықтар», 2.«Адам және қоғам, мен, менің отбасым, менің ауылым, менің Отаным», 3.«Мәдениет-әдебиет, өнер, тарих», 4.«қоршаған әлем-экология, жан-жануар, өсімдік».
Қатысушылардың зерттеу нысаны табиғат, ғылым, мәдениет әлемі болып табылды. Жобаларды қорғау барысында оқушылар баяндаудан бастап зерттеу тәжірибесін өткізуге дейін барды.Жұмыстардың көбінің тақырыптары өсімдіктер, құстар мен жәндіктерді зерттеуге бағытталған. Ауылдың құндылықтарын да оқушылар пайдаланған. Зерттеу жұмыстарында отбасылық кәсіптің қайдан шығуы, елімізде отбасы мүшелерінің әулеттің еңбек жолдарын жалғастырулары жөнінде мәселелер көтерілген. Сонымен қатар, балалар «Чудо из яйца», «Кактусы», «Ауылым –алтын бесігім», «Ас тұздың пайдасы», «Лимон- кладовая витаминов», «Пчела- удивительное создание», «Бабочки», «Күнбағыс майының құпияляры», «Шоколад.Вред и польза», «Құрманың адам денсаулығына пайдасы» сияқты өзекті тақырыптарға бет бұрып, берілген сұрақтарға өз беттерімен жауап іздеген екен.Тәжірибе жүргізу арқасында олар балапанның инкубатордан қалай шығаруға болатынын, лимонды дақ кетіруге пайдалануға болатындығын, адам ағзасына пайдалы заттардың құрамы балда болатындығы,кактустың антисептикалық қасиеті бар екенін, тұздың пайдасы мен зияны туралы айтты. Ғылыми мерекеге кішкентай талантты шеберлер де келді. Олар қатаң қазылар алқасына өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетті: декоративтік балауыздар, ойыншық-кітаптар, балауыз қойылатын фужерлер, қағаздан жасалған жұп аққулар, бисерден тоқылған қартиналар, кәмпиттің қағаздарынан неше түрлі бұйымдар. Жобалар авторлары идеялары өмірде іске асырылса деп армандайтынын жасырмайды. Зерттеу жобаларын ұсынуы да, баяндау ерекшеліктері де қызықты болды. Кішкентай зерттеушілерге арналған бұл мерекеде балалардың өздері де, олардың ата-аналары мен мұғалімдері де, әділқазылар алқасы да ерекше көңілді эмоцияны бастан кешірді. Жеңілгендер болған жоқ. Барлық жұмыстар марапатқа ие болды. Кейбіреулер келесі жылы жұмыстарын жалғыстыратын болса, ал кейбіреулер жаңа тақырып алатын болып тарқасты. Бұл жеткіншектердің арасында бүкіл әлемге танымал зерттеушілердің болатыны сөзсіз.
Байқау нәтижесі бойынша І орынға келесі 4 оқушы ие болды,ІІ орынға 6 оқушы ие болды.
Бастауыш сынып оқушыларының 10 жобаның ішінде 4 жоба ең үздік саналып І дәрижедегі дипломмен марапатталды: 4-сынып оқушысы Жақсылық Жанеркенің «Құрманың адам денсаулығына пайдасы» жобасы, 4 сынып оқушысы Таштемирова Камиланың «Шоколад.Вред и польза », 4 сынып оқушысы Россоха Сергейдің «Лимон- кладовая витаминов »,4 сынып оқушысы Сулиева Фирузаның «Кактус», ІІ дәрижедегі дипломмен 3 сынып оқушысы Линник Анастасияның «Чудо из яйца»,3 сынып оқушысы Тайбай Сафияның «Ас тұздың пайдасы » , 3 сынып оқушысы Кудинова Анастасияның «Пчела- удивительное создание», 3 сынып оқушысы Чахалова Мариямның «Бабочки», 3 сынып оқушысы Нұрғали Дамираның кунбағыс майының шығу тарихы мен одан алынатын өнімдер туралы, 3 сынып оқушысы Назарбек Ұлмекеннің туған ауылының кешегісі мен бугіні туралы жұмыстары марапатталды. Екі жоба аудандық «Мен зерттеуге үйренемін» балғын зерттеушілер байқауына жолдама алды. Зерттеу жұмыстарын сараптауға және қазылар алқасының жұмысына жоғары білімді, тәжірибелері мол ұстаздар құрамы тартылды.
Бастауыш бірлестігінің жетекшісі: Намазова А.К.