17
апрель
2023
"Ақын елдің ардағы" тақырыбында кездесу кеші
2023 жылдың 17 жұлдызында №21 жалпы орта білім беретін мектебінде "Оқуға құштар мектеп" және «Жомарт түлек» жобалары аясында, кітапханашылар: А.Б.Наурызбай мен А.А.Молдаханованың және кәсіби бағдар беруші - А.А.Болкебаеваның ұйымдастыруымен, ауылымыздың ақсақалы Жүндібаев Ақан атамыз бен ауыл әкімі Думан Мақсұтұлының қатысуымен өлкемізде елге адал қызмет етіп, ыстық ықыласына бөленіп жүрген Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, ақын, жыршы, термеші, сазгер Бейбіт Шошабаев ағамызбен "Ақын елдің ардағы" тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесуге қатысқан білім алушылар мен ұстаздар ақынға өмірі жайлы әр түрлі тақырыпта сұрақтар қойып, жазушының шығармашылығына қызығушылық танытып, ақынның шығармаларынан үзінділер оқыды. Кездесу аясында, ақынның аудандық жыр, терме байқауына қатысып жүрген шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салды. Ақын Б.Сейтімбетұлы қазақтың қара домбырасымен ән орындап, ақындық өнерін көрсетіп "Қонақ кәдесін" паш етті.
Мектеп Директоры - Бекжанова Эльмира Алтынбекқызы ақын Бейбіт Сейтімбетұлына мектеп ұжымы атынан және оқырмандар атынан «алғыс» айтып, шығармашылық табыс тіледі.
Мектеп Директоры - Бекжанова Эльмира Алтынбекқызы ақын Бейбіт Сейтімбетұлына мектеп ұжымы атынан және оқырмандар атынан «алғыс» айтып, шығармашылық табыс тіледі.
