«Абайлаңыз балалар!» тақырыбында ата аналар жиналысы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында ата аналар жиналысы
14
январь
2025

«Абайлаңыз балалар!» тақырыбында ата аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні мектепішілік ата аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Тайбекова Меркі ауданының білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 13 қаңтардағы №14 бұйрығы негізінде 2025 жылдың 13-23 қаңтар аралығында мектепте жолда жүру тәртібін сақтау тақырыбымен «Абайлаңыз балалар!» атты онкүндік ұйымдастырылғанын айтып, жоспармен таныстырды. Ата-аналарға балалардың жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтарды пайдалану және жарық шағылыстыратын элементтері бар киім киюдің маңыздылығы туралы айтты. Ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығы туралы айтып, барлық ата-аналарды белсенді қатысуға шақырды. Мектептен үйге және үйден мектепке дейінгі жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі, жолда жүру ережелерінің сақталуы туралы түсіндірмелер айтылды.