06
сентябрь
2023
“Жолда жүру ережесін сақтайық “
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт әрбір азаматы үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын тиімді іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1-10 қыркүйек аралығында мектепте жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша балалар мен ата аналардың хабардарлығын арттыру жөнінде онкүндікке арналған іс-шаралар жоспары аясында №21 жалпы орта білім беретін мектебінде 04.09.2023 жылы 2”А”сыныбында ,сынып жетекшісі : Намазова А.К. “Жолда жүру ережесін сақтайық “ атты ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты: Жол -көлік оқиғалары салдарынан болған өлімнің көбі -жаяу жүргіншілерге,велосипедшілерге және мотоциклшілерге тиесілі болып тұрғанын хабарлау. Баланы жолда жүріс-тұрысқа үйрету -ата-аналардың және балаларды тәрбиелеуге және оқытуға жауапты екенін ұғындыру. Баланың өмірі мен денсаулығы жол қозғалысы ережелерін қаншалықты меңгергеніне байланысты екенін хабарлау. Жол қозғалысы ережелерін сақтау,жол-көлік жарақатының алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Все реакции:2Жанерке Кикбаева и Айгуль Кошкарбаевна