«Жасөспірімдердегі алкоголизм» дәріс » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасөспірімдердегі алкоголизм» дәріс
26
октябрь
2022

«Жасөспірімдердегі алкоголизм» дәріс

Ішімдікті тұтынудан бас тарту күніне орай  мектепте  «Жасөспірімдердегі алкоголизм» тақырыбында  9 сынып жетекшісі Н.Альхожаева дәріс  презентация өткізді. Қатысқандар саны- 25 оқушы. Іс-шараның басты мақсаты- оқушыларға ішімдікті тұтынудың денсаулыққа зиянды екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Алкоголь - ол биологиялық у.Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді.Нерв жүйесін бұзады. Эпилепсия ауруын тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арақ, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды. Сонымен қатар, жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітімге, одан кейін оқыс жарақат алу мен бауыр циррозынан болатын өлім-жітімге тиесілі туралы оқушылар толық мағлұматтар алды. Іс-шара соңында оқушыларға тақырыпқа байланысты суреттер көрсетіліп, ақпараттық-танымдық жадынамалар тараталды.