«Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыру Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай мектепішілік «Мұхтар мұрасы» атты мәнерлеп оқу байқауының өткізілуі туралы
«Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай мектепішілік «Мұхтар мұрасы» атты мәнерлеп оқу байқауының өткізілуі туралы Анықтама.
Жауапты: тәлімгер А.Е Сулейманова Өткізілген уақыты: 15 қыркүйек 2022 ж
Мақсаты: балалар арасында ғұлама тұлғалардың кітаптарын оқуды насихаттау; Балалардың оқырмандық көзқарасын кеңейту;Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау; Талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру. Байқау оффлайн форматта өтті. Оқушылар кемеңгер ақынның өмір баянымен, шығармаларымен танысты. Байқауға 3 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Атап айтар болсақ, Жолдыбай Мансұр өзіне ұнайтын «Көксерек» повесьін толығымен айтса, Құрманғали Ұлдана ақынға арнап шығарған өлең шумақтарын көпшілікке паш етті.Байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» Құрманғали Ұлдана, І-орын Жолдыбай Мансұр, ІІ-орын Рахат Айым, ІІІ-орын Базарбай Адина марапатталып, ауданға жолдама алды.


