" Жас маман - 2026 " байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Жас маман - 2026 " байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.
28
апрель
2026

" Жас маман - 2026 " байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

2026 жылдың 27 сәуір күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде :" Нәтижелі сабақ - Теория.Талдау. Сапа ". аудандық және мектепішілік жоспарға сәйкес жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру , оларға  әдістемелік көмек көрсету,  шығармашылық әлеуетін дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында :" Жас маман - 2026 " байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған байқауға еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы 8 жас маман қатысты. Байқау келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырылды: 1.  Сапалы , нәтижелі ашық сабақ көрсету; 2. Креативті таныстыру; 3. Шығармашылық өнер ; 4. Қорытынды.Байқау барысында жас педагогтері заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып , инновациялық идеялары мен заманауи оқыту тәсілдерін қолданып , өз пәндері бойынша сабақ өткізіп , әдістемелік шеберліктерін көрсетіп, жеке ұстанымдарын ұсынды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың педагогикалық шеберлігін, сабақ беру әдістемесін, шығармашылық ізденісін және жас мамандарымыздың тиімді қарым- қатынас жасау қабілетін бағалады.
 Мектеп директоры - Эльмира Алтынбекқызы Бекжанова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Балжан Шленқызы Жандарова барлық қатысушы жас мамандарды құттықтап , оларға білім ,тәрбие  мен кәсіби дағдыларын бағындыруда шығармашылық шабыт , толағай табыс ,  әрбір бастамаларына сәттілік тілеп, өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.