14
апрель
2026
" Нәтижелі сабақ - Теория Талдау.Сапа. тақырыбында жас мамандар онкүндігінің салтанатты ашылу мерекесі ұйымдастырылып, өткізілді.
Жас мамандар онкүндігінің салтанатты ашылу барысында мектеп әкімшілігі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары - Ж. Т. Кадырова , Б. Ш. Жандарова , ғылыми ісі жөніндегі орынбасары - Э. А. Ибраимкулова жас мамандарды онкүндіктің ашылуымен құттықтай отырып , барлығына осы онкүндік барысында белсенділік танытып , өз шеберліктерін көрсетіп , тәжірибелерімен алмасып , жаңа белестерді бағындыруға шақырды . Сондай - ақ, - З.А. Домасбекова, Г. Касенова, Н. Б. Қарабатырова , Ж. Ж. Тойымбекова сияқты мектебіміздің ұлағатты педагогтері де өздерінің құттықтауларын айтып , жас мамандарға шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілей отырып , ізгі ниеттерін білдірді.