31
октябрь
2023
«Даналық мектебі»
№ 21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Даналық мектебі» клубының жұмысы аясында «Әжелер мен жеңгелер мектебі» және «Қыз Жібек» қыздар клубымен бірлескен «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты мектепішілік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Қыздарды әдептілікке, әдемділікке, инабаттылыққа,
сыпайлыққа, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетуге білуге. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.
Іс-шара барысында әжелер қыздарымызға әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырды. Әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиеледі. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Жеңгелер қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік,көрнектілік, ептілік,инабаттылық,кішіпейілділік қасиеттерін танытты.
«Қыз Жібек» клубының қыздары «Қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?» деген сұраққа өз пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.
Кеш соңында әжелер ауылдың алты ауызын, жеңгелер әсем ән салып, өнерлі қыздар қазақ биін биледі.


