«Үздік мектеп ауласы» акциясы жұмыстары қарқынды жүргізілуде » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік мектеп ауласы» акциясы жұмыстары қарқынды жүргізілуде
05
июнь
2023

«Үздік мектеп ауласы» акциясы жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Акция барысында әр аптаның сенбі күндері мектеп ауласына санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп, күл-қоқыстарды шығару, ағаштардың бұтақтарын кесу, қураған талдарын орнына жаңа талдар отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауланы көгалдандыру мақсатында ескірген жеміс ағаштарының орнына  20 шие, 20 қара өрік ағаштары мен 30 көпжылдық раушан гүлдері отырғызылған. Сондай-ақ біржылдық түрлі-түсті гүлдердің ұрықтары себілді. Қазіргі таңда гүлдеп тұр.

Жас ұландықтар арасында «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат» ұранымен 01-30 сәуір аралығында тазалықты  қамтамасыз ету іс-шаралары ұйымдастырылып, 30 түп алма ағаштары отырғызылды.

«Көркем еңбек»  пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тәжірибе алаңы тазартылып, қопсытылып,  картоп отырғызылып, әртүрлі көкөністер тұқымы себілді.

Мектеп ауласына көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары айлық жоспарына сәйкес жүргізілді. Мектеп ұжымы мен кіші қызметкерлер мектеп ауласындағы өсіп кеткен талдарды бұтап  отырғызылды  жеміс ағаштары мен гүлдердің  түптерін қопсытылып,  тазарту жұмыстары жүргізілді. Су ағатын арықтарды тазаланып қоршау жағасы бойына қараталдарды әктелінді. 

Мектеп ауласындағы жеміс ағаштарын күтіп, баптау және мектеп  ауласына уақытылы тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.