«Аудандағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Аудандағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы»
24
апрель
2023

«Аудандағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы»

№21 жалпы орта білім беретін мектепте көктемгі абаттандыру жұмыстары қарқынды   жүргізілуде.

Меркі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 47 қаулысына сәйкес «Аудандағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылатын жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы» мектепте 01 сәуір-01 маусым аралығында  санитарлық тазалық айлық іс-шаралар жоспары ұйымдастырылды.

Айлық  барысында әр аптаның сенбі күндері мектеп ауласына санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіліп, күл-қоқыстарды шығару, ағаштардың бұтақтарын кесу, қураған талдарын орнына жаңа талдар отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауланы көгалдандыру, көгеріштендіру мақсатында ескірген жеміс ағаштарының орнына   алма, шие, қара өрік ағаштары мен көпжылдық раушан гүлдері отырғызылды. Сондай-ақ біржылдық түрлі-түсті гүлдердің ұрықтары себілді. 

Жас ұландықтар арасында «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат» ұранымен 01-30 сәуір аралығында тазалықты  қамтамасыз ету іс-шаралары ұйымдастырылып, 30 түп алма ағаштары отырғызылды.

«Көркем еңбек»  пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тәжірибе алаңы тазартылып, қопсытылып,  картоп отырғызылып, әртүрлі көкөністер тұқымы себілді.

Мектеп ауласындағы жеміс ағаштарын күтіп, баптау және мектеп  ауласына уақытылы тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.