17
март
2023
"Ақын- елдің ардағы"тақырыбында кездесу
2023 жылдың наурыз айының 17 жұлдызында "Оқуға құштар мектеп" және "Жомарт түлек" жобалар аясында,мектеп әкімшілігі мен кітапханашылардың ұйымдастыруымен,ауылымыздың ақсақалы Жүндібаев Ақан атамыз бен ауыл әкімі Думан Мақсұтұлының қатысуымен өлкемізде елге адал қызмет етіп ,ыстық ықыласына бөленіп жүрген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,ақын,жыршы,
термеші,сазгер Бейбіт Шошабаев ағамызбен "Ақын- елдің ардағы"тақырыбында кездесу кеші өткізілді! Жиналған оқушылар мен ұстаздар ақынға өмірі жайлы әр түрлі тақырыпта сұрақтар қойып,жазушының шығармашылығына қызығушылық танытып,ақынның өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.Кездесу аясында,ақынның аудандық жыр,терме байқауына қатысып жүрген шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салды.Ақын Б.Сейтімбетұлы қазақтың қара домбырасымен ән орындап ,акындык өнерін көрсетіп "Қонақ кәдесін" паш етті.
Мектеп директоры Бекжанова Эльмира Алтынбекқызы ақын Бейбіт Сейтімбетұлына мектеп ұжымы атынан және оқырмандар атынан алғыс айтып,шығармашылық табыс тіледі,
и ещё 3
Все реакции:16Аксауле Тажибаева, Эльмира Ахметова и ещё 14