26
май
2022
Жазғы мектеп
26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп жұмыс істейді. Мақсаты-пандемия салдарынан білім сапасында туындаған олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру. Жазғы мектепте жалпы 439 білім алушы қамтылған. 1-4 сыныптан - 195 білім алушы, 5-10 сыныптардан - 244 білім алушы қатысады. 9 бен 11 сынып білім алушылары мемлекеттік емтихан тапсырады. Оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жазғы мектеп бағдарламасына оқу сабақтарынан басқа ғылыми-зерттеу жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстар, спорттық-шығармашылық іс-шаралар мен экскурсиялар, ашық ауадағы іс-шаралар кіреді.