06
февраль
2019
«Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық акциясы
№ 21 жалпы білім беретін мектебінде Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды акциясының жоспары құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Акцияның мақсаты: Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ж.Жакипбекованың ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында «Қауіпсіз интернет» атты тақырыпта дәріс өткізілді. Дәріс барысында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары және зияны мен пайдасы туралы көптеген мәліметтер берілді.