«Спорт нашақорлыққа қарсы» атты спорттық жарыстың өткізілуі туралы Анықтама » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты спорттық жарыстың өткізілуі туралы Анықтама
25
ноябрь
2022

«Спорт нашақорлыққа қарсы» атты спорттық жарыстың өткізілуі туралы Анықтама

 

2022 жылдың 25 қараша күні Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу күзгі айлығы барысында №21 жалпы орта білім беретін мектебінде ДҚТЖО  Ж. Жақыпбекова мен  әлеуметтік педагогы Э. Ахметованың ұйымдастыруымен 3 сынып  білім алушылары арасында «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты  спорттық эстафеталық ойын өткізілді. 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Білім алушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 

Спорттық жарысқа 4 топтан құралған команда қатысты, әр командада 8 білім алушыдан  құралады:

1 топ – «Арыстан» командасы

2 топ – «Тұлпар» командасы

3 топ – «Қыран»  командасы

4 топ – «Достық» командасы

Командалар 4 кезеңнен құралған ойын түрлеріне сайысқа түсті:

1 кезең  «Кенгуру» допты аяқ астына қыстыра отырып, секіру арқылы белгілі мәреге барып, кері қайту. ІІ кезең «Тунельмен жүгіріп жарысу», ІІІ кезеңде қасықпен шарикті бір қолмен ұстап мәреге барып, кері қайту. (қасықты бір қолмен ұстап жүгіру), ІV кезең  шарды көздеп ату 1-1,5 метр қашықтықтан.  Сайыс жоғары дәрежеде өте қызықты өтті. Барлық командаларға әділқазылар грамоталармен марапаттады. 

 Жарыс соңында командалар «Нашақорлыққа жол жоқ» атты плакаттар ұстап флешмоб биледі.