Электорнды темекінің адам денсаулығына зияны» тақырыбында ата-аналарға баяндама оқылғаны туралы Анықтама
Электорнды темекінің адам денсаулығына зияны» тақырыбында
ата-аналарға баяндама оқылғаны туралы
Анықтама
2025 жылдың қараша айының 13 күні мектептің әлеуметтік педагогы ата-аналар жиналысы барысында «Электронды темекінің адам денсаулығына зияны» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі таңда жасөспірімдер арасында электронды темекіге қызығушылықтың артып келе жатқаны, оның себептері мен салдары жан-жақты түсіндірілді. Ата-аналарға электронды темекінің құрамындағы никотин мен химиялық қоспалардың бала ағзасына тигізетін зияны, тыныс алу жүйесіне, жүрек-қан тамырларына, жүйке жүйесіне әсері туралы нақты ғылыми деректер ұсынылды. Сонымен қатар, баланың зиянды әдеттерден аулақ болуына ата-ананың ықпалы, отбасы тәрбиесінің маңызы туралы кеңестер берілді.
Жиналыс барысында ата-аналар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, тәжірибе алмасу жүргізілді. Іс-шара ата-аналар тарапынан оң бағаланып, профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.