Қыз тәрбиесі анадан! (сырласу кеші) » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыз тәрбиесі анадан! (сырласу кеші)
18
январь
2024

Қыз тәрбиесі анадан! (сырласу кеші)

Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

    Мектепте  18 қаңтар күні 8-11  сыныптар қыз балалар арасында аналармен сырласу кеші өткізілді. Қыз бала тәрбиесіне байланысты болашақ ұрпақтың өз қатарынан озарыда қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Сәулетті ана болғанда саналы ұрпақ болады. Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана деп аналардың құрметіне   мектеп ұстазы ардақты ана Тойымбекова Жазира Жетпісқызы «Ана» тақырыбында ән салып, аналарға арнау арнады. Кешімізге келген аналарға жақсы тілегімен мектеп директоры :Э.А.Бекжановада сөз сөйлеп, аналарға жылы лебіз тілектерін айтты.

Жарық пен жылу, от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі – адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсеге

 Мектеп психологы Айгерім Серікқызы аналарға арнаған өзінің «Ана мен қыз» тақырыбында  коучинг өткізді.Коучинг барысында аналарға  үш кезеңнен тұратын тапсырмалар беріліп,  суреп салып, өздерінің қыздарына деген сезімдерін жеткізе білді.

Келесі кезеңде «Қыз тәрбиесі -ұлт болашағы» деректі фильм көрсетілді. Деректі фильм қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет ететіні туралы аналарға ой салды. 

Біз қыз балалармен жыныстық тақырыпта сөйлеуге олардың сұрақтарына жауап беруге ыңғайсызданамыз, өйткені біз оларды әлі кішкентай ғой деп санаймыз ,алайда қазіргі заманда балаларымыз тез есеюде ,ақпараттар ағымдарының қарқыны соншалық, балаларымызға қажетті,қажетсіз ақпаратты шектеу мүмкін емес. Осы орайда Мектеп медбикелері: А.Қаналы және С.Райымжан «Ерте жүктілік» тақырыбында ой қозғады.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайрандаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- дегендей, қазақтың қызы-қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен,жасөспірімдік шақ,бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен. Қыздардың құрметіне Айда  Молдаханқызы «Қазақ қызы» әнін орындады.

Ана мен қыз арасындағы қарым- қатынасты   нығайту  мақсатында «Тілек  гүлі»    жаттығуы жүргізілді.  Жаттығу барысында аналар өз қыздарына деген жылы лебіздерін   гүл жапырақтарына жазып тақтайшаларға үлкен гүл шоғын жасады.  

Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақтамақ. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана,үй ұстап,жар күтетін адал жар,ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламастан, бұл-өмір заңы»-деген. Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн.

Кештің  қорытынды бөлімінде  «Анашым аман жүрші» әні  айтылып, аналармен  ару қыздарымызға жадынама таратылды. Кеш соңында аналарға сөз беріліп, аналар өздерінің ризашылықтарын айтып, ақ тіліектерін жаудырды


сі