19
January
2026
Құқықбұзушылықтың алдын алу
Кездесудің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу, әрбір жасөспірімнің өз әрекетіне сын көзбен қарап, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу.
Кездесу барысында қатысушыларға:
• қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызы, • мектеп ішкі тәртібін сақтау талаптары, • жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, • құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен еркін бөлісті. Ақсақалдар мен сала мамандарының ақыл-кеңестері оқушыларға үлкен ой салды.
Кездесу жасөспірімдердің тәртіп пен жауапкершілік туралы түсініктерін тереңдетіп, олардың заңға құрметпен қарауына оң әсерін тигізді.