"Қобалжу мен стресстің алдын алу" жаднама тарату » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » "Қобалжу мен стресстің алдын алу" жаднама тарату
13
March
2026

"Қобалжу мен стресстің алдын алу" жаднама тарату

Мектеп оқушыларының психологиялық саулығын сақтау, күйзеліс пен қобалжудың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта оқушылар мен ата-аналарға арналған психологиялық жаднамалар дайындалып, таратылды.

Жаднамаларда қобалжу мен стресстің алдын алу жолдары, баламен достық қарым-қатынас орнату тәсілдері, сондай-ақ психологиялық көмекке жүгіну мүмкіндіктері туралы маңызды кеңестер қамтылған. Сонымен қатар қиын жағдайларда жүгінуге болатын сенім телефондары мен психологиялық қолдау қызметтері туралы ақпарат берілген.

Аталған жаднамалар мектептің сынып жетекшілерінің чатына жіберіліп, сынып жетекшілер арқылы оқушыларға таратылды. Сонымен қатар ақпараттың қолжетімділігін арттыру мақсатында жаднамалар мектептің әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайтына жарияланды.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, олардың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу және қажет болған жағдайда кәсіби көмекке жүгінуге бағыт беру.

Мектеп психологы оқушыларға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін еске салады. Оқушылардың психологиялық саулығы – басты назарда.