1 «а, ә» сынып білім алушыларымен жүргізілген Г.Вицлак әдістемесі » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » 1 «а, ә» сынып білім алушыларымен жүргізілген Г.Вицлак әдістемесі
16
January
2024

1 «а, ә» сынып білім алушыларымен жүргізілген Г.Вицлак әдістемесі

Мерзімі: 16 қаңтар 2024жыл
     Мақсаты: Баланың ақыл – ойын даму деңгейін, оқуға дайындығын анықтау.
Қатысқан оқушылар саны: 38 оқушы
І. Интеллекті зерттеу. «Мектепте оқу қабілетін зерттеу»
   Әдістеме 15 субтестен құралған, біз 15 субтестің 5 субтестін сабақ уақытына қарай алынды. 
Жоспар бойынша жүргізілген субтесттер: 
1. Суреттер бойынша әңгімелеу.
2. Түсті айыру.
3. Заттардың атауларын білу.
4. Санау үрдісі.
5. Сандар реті.
Барысы:  1 сынып білім алушылармен әдістемелерді жеке жүргізілді. 
      1. «Суреттер бойынша әңгімелеу». (Ұғымның пайда болу деңгейі, сөйлесудің даму деңгейі, қоршаған ортаны білу мағлұматы) 4 – 6 сурет пайдаланады
Бастапқы жағдай: баланың алдына қатарымен суреттерді жайып қояды.
Нұсқау: «Енді мына суреттерге қара да, қандай оқиға көрсетілгенін маған айтып берші». (Баланың әңгімесінен кейін барлық суреттерді шетке алып қою керек).
Сұрақ: Тағы да жаңағы суретегі бала не істегенін қысқаша айтып берші.
2. Түсті айыру. (Дифференциалау қабілеті)
Бастапқы жағдай: Баланың алдына 12 түсті карточкаларды тізіп қояды: қара, қызыл, көк, жасыл, сары, күлгін, ақ, сұр, қоңыр, көгілдір т.б.
Нұсқау: «Осы түстерді атап берші» Бағалау: Әр бір тура аталған түске 1 ұпай берілді. Білім алушылар толық түстерді атай алды, барлығы 11-12 түсті танып, ажырата алды.
3. Заттардың атауларын білу. (Ұғымның пайда болу деңгейі, қоршаған ортаны білу мағлұматы). 
Нұсқау: «Мына жерде тұратын заттарды атап берші» (солдан оңға қарай көрсетіп). Барлық тапсырма орындалып біткеннен кейін , егер бала қателессе, оған қатесін көрсетіп түзеу керек».
Талдау: дұрыс айтылған зат атауларына бір ұпай беріледі.
 4. Санау үрдісі. (Көптік байланысын меңгере білу).
Бастапқы жағдай: 4 ші тапсырмада пайдаланған 9 суретті баланың алдына тізіп қою керек. Нұсқау: «Сен мына жерде неше сурет бар екенін айтшы». Егер бала қате жауап  берсе, нұсқаудың көлемін ұлғайтуға болады.
Мысалы: алма – бір, сәбіз -  екі, алмұрт – үш, раушангул – төрт, және т.б.  Осы тізбекті жалғастырып болғаннан кейін, баланың өзіне қайта санату қажет.
Бағалау:
5 –көзбен жұгіртіп санау.
4 – үнсіз санака \ерін қозғалысы\.
3 – сыбырлап, басын қозғалтып санау.
2 – қолмен көрсетіп санау, \тигізбей\
1 – саусағымен тигізіп немесе заттардың орнын ауыстырып санау
0 – толық бас тарту.
5. Сандар реті.(Көптік байланысын меңгере алу).
Бастапқы жағдай:5  тапсырманы орындағаннан кейін сандар ретіне көшеміз.
Нүсқау: «1 ден бастап  әрі қарай сана» /егер қиын болса зерттеуші көмек көрсетеді: «1, 2, 3. . .»/
Бағалау: Неше санға дейін бала санады, сол сан бағаланады. 
Қорытынды: әдістемеге қатысқан білім алушылардың жалпы саны – 38, жоспарланған 5 субтестке толық қатысып, білім алушылар  1 «а» сынып – 26-31 ұпай аралығында жинаса, 1 «ә» сынып – 26-30 ұпай аралығында жинады. Жалпы балалардың оқуға ынтасы жақсы деңгейде. 
Жауапты: мектеп психологы: Назаркулова А.