Оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайту айлығы
Оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлығының жоспарына сәйкес 9-11 сынып білім алушыларымен Д.Расселл мен М.Фергюсонның жалғыздықты субъективті сезіну деңгейін диагностикалау әдістемесінің жүргізілгендігі туралы анықтама
Мерзімі: 6-8 қараша 2023ж
Әдісі: әдістеме
Қатысқандар:
9 «а, ә» сынып – 37 оқушы
10 «а, ә» сынып – 24 оқушы
11 «а, ә» сынып – 25 оқушы
Мақсаты: білім алушылардың жалғыздықты субъективті сезіну деңгейін диагностикалау
Нұсқаулық: «Сізге бірқатар мәлімдемелер ұсынылады. Әрқайсысын жүйелі түрде қарастырыңыз және оларды сіздің өміріңізге қатысты пайда болу жиілігі бойынша бағалаңыз: «жиі», «кейде», «сирек», «ешқашан». Таңдаған нұсқаңызды «+» белгісімен белгілеңіз.
Жауап нұсқаларының әрқайсысының саны есептеледі. «Жиі» жауаптарының қосындысы 3, «кейде» – 2, «сирек» – 1 және «ешқашан» – 0-ге көбейтіледі. Барлық нәтижелер қосылады.
Барысы: оқушыларға бланктар таратылып, нұсқаулықпен танысып, жауаптар алынды.
Нәтижесінде: жалпы 9-11 сыныптан 86 білім алушы қатысып төмендегідей нәтиже көрсетті:
Сыныптар | Көрсеткіштер | |||
Жалғыздықтың мүмкін болатын максималды көрсеткіші – 60 балл. | Жалғыздықтың жоғары дәрежесі – 40-тан 60 балға дейін. | 20-дан 40 балға дейін – жалғыздықтың орташа деңгейі. | 0-ден 20 баллға дейін – жалғыздықтың төмен деңгейі | |
9 «а, ә» сынып – 37 оқушы | 1+1 | 35 | ||
10 «а, ә» сынып – 24 оқушы | 1+1+1 | 21 | ||
11 «а, ә» сынып – 25 оқушы | 1 | 24 |
Қорытынды: жүргізілген әдістеме бойынша
80 білім алушы – 94% жалғыздықтың төмен деңгейін көрсетті, яғни өздерін жалғыз сезінбейді
6 білім алушы -6% жалғыздықтың орташа деңгейі, кейде бұл адамдарда өздерін жалғыз сезіну мен қолдаудың орташа болуы сезімдері байқалады.
