17
March
2023
"Аутодеструктивті мінез - құлықтың алдын алу" аудандық-аймақтық семинар
2023 жылдың 1 наурызында #21 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ауданның әлеуметтік педагогтары мен педагог-психологтарга арналған шеберлік зертхана «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу" тақырыбында өткізілді. Семинардың мақсаты: аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық – зомбылық,бопсалаудың, әлімжетіктің алдын алу. Семинар барысында #3,5,6,8,11,21жалпы орта білім беретін мектептердің педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтары "Жетістікке жету өз қолыңда" , «Жарқын болашақ» психологиялық квест ойыны, "Учимся находить решения", «Қоғам бала үнін ести ме?» ток шоу, «Біз бақытты өмірді таңдаймыз" , «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»тақырыптарында тренингтер, релаксациялық жаттығулар ,мастер класс жұмыстарын көрсетіп, өз іс – тәжірибелерін көрсетті.Семинар-кеңеске қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті












