«Мектептегі тамақтандыру»
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында № 21 жалпы білім беретін мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін мектепте ата-ана комитетінің ұсынысы бойынша ата-аналар есебінен бір мезгіл жеңілдетілген ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы ортақ шешім қабылданды. Мектепте барлығы 914 оқушы тіркелген. Жалпы ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны- 909 оқушы . Оның ішінде ата-ана есебінен тамақтанатын балалар саны-865 оқушы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан тегін ыстық тамақпен 44 оқушы мектеп асханасынан тамақтанады.Балалардың дұрыс тамақтануын мектеп медбикесі тарапынан күнделікті қадағаланып отырады. Мектеп медбикесі асхананың , санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркеп отырады .
Дайындалатын тағамдар меню рецептураларына сәйкес жасалып отырады. Асханада тағамдардың дайындалу тәсілі, тамақтың сапасы, құнарлығын күнделікті қадағалап тексереді.


