22
December
2025
Жаңа жыл мерекесін өткізу талаптарымен таныстыру.
Мектеп директоры түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына, санитарлық заттарын, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар 24-26 желтоқсан аралығында мектеп қабырғасында өткізіледі. Мереке өткізу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігін сақтау, тез жанғыш синтетикалық материалдарды және фейерверк пиротехникалық бұйымдарын қолдануға тыйым салды. Сонымен қатар, әр түрлі сыйлықтарға, безендіруге , арнайы киім тігуге қаражат жинауға рұқсат берілмейтінін қатаң ескертті. Қысқы демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізуді талап етті.