Мектеп әкімшілігі » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » » Мектеп әкімшілігі
02
September
2022

Мектеп әкімшілігі





Еңбек өтілі: 36 жыл

Санаты: педагог-зерттеуші

«Екінші біліктілік санатты басшы»

Бекжанова Эльмира Алтынбековна 2016 жылдан бастап №21 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметін атқаруда.  Жалпы педагогтік  өтілі -36 жыл. Бітірген оқу оры Алматы педагогикалық шетел тілдер институты. Лауазымдағы еңбек өтілі: 12 жыл.

     Кәсіби шеберлігін шыңдаған, өз пәнін жетік меңгерген, басқарушылық, ұйымдастырушылық қабілеті зор, шығармашылықпен жұмыс жүргізіп жүрген білімді де білікті басшы. Ол өз бойындағы адамгершілік, адалдық, парасаттылық қасиеттерін еліміздің білімді, саналы, келешекті бағдарлай білетін, шығармашылықпен жұмыс істейтін, бәсекеге қаблетті жеке тұлғаны тәрбиелеуді басты мақсат санайды. Басшы ретінде білім саласын дамыту мен жетілдіруге үлес қосып, аймақтың қоғамдық өміріне белсене қатысады. 

  1. Жетістіктері: 

2019 жылы «Өрлеу» БАҰО филиалы Zhambyl region бойынша 

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Best басшы-жарқын болашақтың кепілі»тақырыбындағы республикалық байқауының «Балаларға жүрегімді беремін» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі диплом, 2019 жылы «Педагогикалық идеялар паноромасы» байқауында заманауи педагогикалық тәжірибе мен шығармашылық белсенділік танытқаны үшін ІІ дәрежелі диплом, АББ-нің ұйымдастыру мен жалпы білім беру ұйымының қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибесі мен шығармашылық шеберлігі үшін «Табысты менеджер-2019» байқауында І орын, облыс көлемінде ІІ дәрежелі дипломды иеленді. 2020 оқу жылында «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының ІІІ дәрежелі диплом, Daryn.Online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп, педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған І республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының ІІ дәрежелі диплом жүлдегері. 2020 жылы «Zhambyl region білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Білім саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және аймақтың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасы, 2021 жылы «Best директор» байқауының аудандық кезеңінде 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

      Білім кеңестігіне шығу жолында Балгын Темирболатовна өз  күш жігерін аяп қалар емес. 

2. Біліктілік арттыру курстары: 

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік

орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірленген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде курс. Алматы қ.26.01.2016ж. Б№001573

  • Білім берудің жаңа парадигмасы контекстіндегі орта білім беру 

ұйымдарының педагогикалық менеджменті 80 сағат 19.10.2018ж.№028495

  • Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының 

біліктілігін арттыру бойынша курс сертификаты. 28.03.2016ж. №001390

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік 

орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде әзірлеген Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 40 сағат көлемінде курс сертификаты. 11.11.2019 ж.№006035

  • Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы «Екінші біліктілік 

санатты басшы» біліктілік санаты берілді. 30.12.2020 ж. №400-Ө.