«Өзіңді туберкулезден қорға!»
Туберкулездің алдын алу айлығы аясында «Өзіңді туберкулезден қорға!» тақырыбында 8 сыныптар арасында биология пәні мұғалімі Текебаева Н.А. мен мектеп медбикесі Қаналы дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында . туберкулезге шалдығуға ықпал ететін факторлар: дұрыс тамақтанбау,туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз, ұзақ қарым-қатынаста болу, маскүнемдік, шылымқорлық, нашақорлық, қосалқы аурулардың (қант диабеті, асқазан жарасы, созылмалы өкпе ауруы) болуы туралы мәліметтер айтылды.